Научные инновации

21 10 января, 2026 0

Авторы
ЕСКАРАЕВА Р Ж
«Parasat AJ» жекеменшік орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің магистранты (Қазақстан, Шымкент қ.), ORCID:0009-0005-8583-9925, e-mail: roza.parasat@gmail.com
ИБАШОВА А Б
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Қазақстан, Шымкент қ.), ORCID: 0000-0002-1399-3545, e-mail: ibashova.almira@okmpu.kz

Развитие критического мышления и познавательной активности учащихся начальной школы с помощью интерактивных инструментов визуализации

Аннотация: Мақалада бастауыш сынып білім алушыларының танымдық белсенділігін арттыруда интерактивті визуализация құралдарын пайдаланудың ықпалы зерттеледі. Ақпараттық қоғам талаптары жағдайында визуалды технологиялар білім алушылардың ақпаратты түсіну, талдау және жаңа жағдайға бейімдеп қолдану қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Зерттеу квазиэксперимент түрінде ұйымдастырылып, 3-сыныптың 78 білім алушысы қамтылды: эксперименттік топта Canva, MindMeister, Scratch, Jamboard, Animaker сияқты интерактивті құралдар қолданылса, бақылау тобы дәстүрлі әдістермен оқытылды. Pre-test және post-test нәтижелері визуализацияның логикалық ойлауды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды, шығармашылықты және ақпаратты құрылымдауды едәуір жақсартатынын көрсетті. Сонымен қатар визуалды орта білім алушылардың қызығушылығын арттырып, когнитивтік қиындықтарды азайтып, оқу үдерісіне белсенді қатысуға ынталандыратыны анықталды.

Ключевые слова: интерактивті визуализация, бастауыш мектеп, танымдық белсенділік, когнитивтік даму, цифрлық білім беру, инфографика, оқу мотивациясы

Для добавления комментария необходимо авторизоваться.

Increased Brand Visibility

Expand your digital footprint and reach more potential customers through targeted marketing efforts.

Higher Engagement Rates

Create meaningful connections with your audience through relevant and compelling content strategies.

Improved ROI

Maximize your marketing budget with data-driven campaigns that deliver measurable results.

Data-Driven Decisions

Make informed marketing choices based on comprehensive analytics and performance metrics.

Введение.

Кіріспе. XXI ғасырда ақпараттық қоғамның қарқынды дамуы білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Қазіргі мектептің басты міндеттерінің бірі – оқушыларды тек дайын біліммен қамтамасыз ету емес, сонымен қатар олардың  танымдық белсенділігін және ақпаратты талдау мен өңдеу дағдыларын дамыту болып табылады. Бұл дағдылар оқушыны тек білім алушы ғана емес, сонымен бірге ақпаратты сын тұрғысынан бағалайтын, оны жаңа жағдайларда қолдана алатын белсенді тұлға ретінде қалыптастыруға негіз болады [1].

Қазіргі білім беру парадигмасында интерактивті визуализация құралдары маңызды орын алуда. Визуалды ақпарат когнитивтік процестердің табиғатымен тығыз байланысты, себебі адамның қабылдау жүйесі алдымен визуалды сигналдарға жауап береді [2; 3]. Осыған орай, оқыту үдерісінде визуализация технологияларын қолдану білім алушылардың ақпаратты жылдам қабылдауын, құрылымдап талдауын, есте сақтауын және оны жаңа контексттерде қолдануын жеңілдетеді [4; 5].

Зерттеулер көрсеткендей, визуализация элементтері оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың танымдық белсенділігін едәуір күшейтеді [6; 7]. Мысалы, Saidin және әріптестері (2024) мобильді толықтырылған шынайылық технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың визуалды ойлау дағдылары айтарлықтай дамығанын анықтаған. Сол сияқты, Avcı (2024) үш өлшемді жобалау және кодтау тапсырмалары оқушылардың кеңістіктік визуализация мен есептеу ойлау қабілеттеріне оң әсер ететінін көрсеткен.

Сонымен қатар, визуализация құралдарының тиімділігі тек пәндік білім деңгейін арттырумен шектелмейді. Олар оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын, шығармашылық әлеуетін және танымдық дербестігін де дамытады [8; 9]. Жаңа буын білім алушылары үшін визуалды контент – тек ақпарат жеткізу әдісі емес, ол оқу материалын түсінудің, есте сақтаудың және талдаудың негізгі құралы болып табылады [10; 11].

Қазақстандық білім беру жүйесінде де визуализация мен цифрлық технологиялардың маңыздылығы артып келеді. ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен үлгілік оқу бағдарламасында [12] білім алушылардың цифрлық сауаттылығын, ақпараттық-коммуникациялық дағдыларын және визуалды деректермен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру білім беру мазмұнының негізгі міндеттерінің бірі ретінде айқындалған. Сонымен бірге, 2024 жылғы өзгерістерде [13] бастауыш буында оқыту мазмұнын интерактивті және технологиялық тәсілдермен толықтыру қажеттілігі нақты белгіленді.

Бастауыш мектеп деңгейінде визуализацияның тиімділігі ерекше маңызды. Бұл жастағы балалардың танымдық процестері – қабылдау, зейін, есте сақтау және қиял – негізінен көрнекі-бейнелі ойлауға сүйенеді [14;15] Сол себепті сабақ барысында визуалды құралдарды пайдалану оқушының ішкі танымдық құрылымдарын белсендіретін, білімді тәжірибелік деңгейге жеткізетін қуатты механизмге айналады [16].

Осы ғылыми негіздерге сүйене отырып, бұл зерттеу жұмысының мақсаты – интерактивті визуализация құралдарын қолданудың бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін дамытудағы тиімділігін анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін зерттеу барысында интерактивті инфографика, ой карталары, комикс платформалары, толықтырылған шынайылық элементтері және визуалды модельдеу құралдары сияқты әртүрлі әдістер қолданылды.

Осылайша, қазіргі педагогикалық ғылым мен тәжірибе визуализацияны тек қосымша әдіс ретінде емес, оқыту процесінің өзегіне айналатын стратегиялық құрал ретінде қарастырады [17]. Сондықтан да бастауыш мектептегі визуализация технологияларын мақсатты, жүйелі және ғылыми негізде қолдану оқушының білім сапасын арттырудың, танымдық белсенділігін жетілдірудің маңызды жолдарының бірі болып табылады.

Жоғарыда талданған зерттеулер визуализацияның оқытудағы рөлі тек қосымша көрнекілікпен шектелмейтінін дәлелдейді. Ол оқушылардың ақпаратты қабылдау, өңдеу және талдау қабілеттерін жақсартып қана қоймай,  логикалық пайымдау және шығармашылық белсенділік дағдыларын қалыптастырудың қуатты құралына айналады.

Сонымен қатар, визуализация бастауыш мектеп жастағы балалардың когнитивтік даму ерекшеліктеріне сәйкес келетін тиімді әдіс ретінде оқу мотивациясын арттырады және танымдық белсенділікті күшейтеді. Бұл факторлар зерттеуіміздің өзектілігін арттырып, оның теориялық және практикалық маңызын айқындайды.

Методы.

Зерттеу әдістемесі. Бұл зерттеу квазииэксперименттік дизайн (quasi-experimental design) әдісіне негізделіп жүргізілді, себебі зерттеу барысында білім алушылар кездейсоқ емес, табиғи қалыптасқан сыныптар бойынша бөлінді. Зерттеу барысында екі топ – эксперименттік және бақылау топтары салыстырылып, олардың танымдық белсенділік деңгейіндегі айырмашылықтар анықталды.

Эксперимент барысында pre-test – intervention – post-test құрылымы пайдаланылды (сурет 1):

-      Зерттеудің басында екі топқа да бастапқы (кіріспе) тест – pre-test жүргізілді.

-      Эксперименттік топта оқыту үдерісі интерактивті визуализация құралдары арқылы жүргізілді.

-      Бақылау тобында дәстүрлі әдіспен сабақтар өтті.

-      Эксперимент соңында екі топқа да post-test алынып, нәтижелер салыстырылды.

Сурет 1 – Зерттеу дизайнының жалпы құрылымы

Зерттеу 2024–2025 оқу жылының IV тоқсанында Шымкент қаласындағы жалпы білім беретін мектептің 3-сыныптарында өткізілді. Зерттеуге барлығы 78 білім алушы (8–9 жастағы) қатысты. Олардың барлығының ата-аналарынан жазбаша рұқсат алынған. Қатысушылар төмендегіше бөлінді (кесте 1):

Кесте 1- Қатысушылардың бөлінуі

Топ түрі

Сынып саны

Қатысушылар саны

Әдіс

Эксперименттік топ

3

39

Интерактивті визуализация құралдары мен цифрлық жұмыс дәптерін қолдану

Бақылау тобы

3

39

Дәстүрлі оқыту әдісі

Эксперимент 8 сабақтан (әрқайсысы 45 минут) тұрды және «Цифрлық сауаттылық» пәні аясында жүргізілді (сурет 2).

-      Бақылау тобында сабақтар дәстүрлі түсіндіру, жаттығу, сұрақ-жауап әдістері арқылы өтті.

-      Эксперименттік топта сабақтарда төмендегі интерактивті визуализация құралдары қолданылды (кесте 2)

Сурет 2 – Визуализация құралдарын оқу процесіне енгізу барысы

Кесте 2 – Интерактивті визуализация құралдарын сабақта қолдану үлгісі

Визуализация құралы

Қолданылу мақсаты

PowerPoint, Canva

Тақырыпты таныстыру, диаграммалар көрсету

Scratch

Модельдеу және логикалық ойлауды дамыту

Padlet, Jamboard

Топтық визуалды пікір алмасу

Thinglink, Piktochart

Интерактивті инфографика жасау

Animaker, Powtoon

Қысқа визуалды анимациялар арқылы рефлексия

Kahoot / Quizizz

Ойын түріндегі визуалды кері байланыс

Зерттеу барысында деректер екі негізгі әдіс арқылы жиналды:

-      Pre-test және Post-test білім алушылардың бастапқы және соңғы деңгейлерін анықтау үшін арнайы әзірленген тапсырмалар жиынтығы қолданылды.

-      Сапалы бақылау сабақ барысындағы білім алушылардың белсенділігі, қызығушылығы және ынтасы бақылау кестесі арқылы тіркеліп отырды.

Мәліметтерді статистикалық талдау үшін ANCOVA (Analysis of Covariance) әдісі пайдаланылды. Бұл әдіс pre-test нәтижелерін ковариат ретінде енгізе отырып, post-test нәтижелеріндегі айырмашылықты дәл анықтауға мүмкіндік береді.

-      Тәуелсіз айнымалы: оқыту әдісі (интерактивті визуализация / дәстүрлі)

-      Тәуелді айнымалы: post-test нәтижелері (танымдық белсенділік деңгейі)

-      Ковариат: pre-test нәтижелері

ANCOVA нәтижелері бойынша эксперименттік топтың post-test көрсеткіштері бақылау тобына қарағанда статистикалық тұрғыда айтарлықтай жоғары болды (p <0.05). Бұл интерактивті визуализация құралдарын қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда тиімді екенін дәлелдейді (кесте 3).

Кесте 3 - Pre-test және Post-test нәтижелері

Топ түрі

Pre-test орташа балл

Post-test орташа балл

Өзгеріс (%)

Эксперименттік

58.4

81.7

+23.3%

Бақылау

57.9

62.5

+4.6%

Зерттеу барысында барлық этикалық нормалар сақталды. Ата-аналар мен мектеп әкімшілігінен жазбаша рұқсат алынды. Білім алушылардың жеке деректері құпия сақталды және тек ғылыми мақсатта ғана пайдаланылды.

Зерттеу әдістемесі нәтижесінде алынған мәліметтер визуализация технологияларын қолданудың тиімділігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді. Оқыту үдерісіне визуалды құралдарды интеграциялау білім алушылардың оқу жетістігін ғана емес, олардың танымдық белсенділігін де едәуір дамытатыны анықталды.

Результаты.

Зерттеу нәтижелері. Зерттеу басталар алдында эксперименттік және бақылау топтарындағы білім алушылардың танымдық белсенділік деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық кіріс срезі (pre-test) жүргізілді.

Pre-test нәтижелері екі топтың бастапқы дайындық деңгейлерінің айырмашылығы статистикалық тұрғыда маңызды емес екенін көрсетті (p> 0.05). Бұл екі топтың бастапқы деңгейі шамалас екенін дәлелдейді және эксперимент нәтижесін сенімді салыстыруға мүмкіндік береді (сурет 3).

Сурет 3 – Pre-test нәтижелерін салыстыру диаграммасы

Бұл көрсеткіштер екі топтағы білім алушылардың бастапқы деңгейінің ұқсас екенін, яғни зерттеу шарттарының объективті екенін дәлелдейді. Сондықтан эксперимент нәтижесінде байқалған айырмашылықтар қолданылған әдістеменің тиімділігімен түсіндіріледі.

Эксперимент аяқталған соң екі топтан да қорытынды срез (post-test) алынды. Оның нәтижелері интерактивті визуализация құралдарын қолданудың білім алушылардың   танымдық белсенділігіне айтарлықтай оң әсерін тигізгенін көрсетті (сурет 4).

Сурет 4 – Post-test нәтижелерінің салыстырмалы диаграммасы

Обсуждение.

Эксперименттік топтың нәтижелері кіріс деңгейімен салыстырғанда 23,3%-ға артқан, ал бақылау тобында бұл көрсеткіш небәрі 4,6%-ды құрады. Бұл айырмашылық ANCOVA талдауы бойынша статистикалық тұрғыда маңызды болып шықты (F (1, 75) = 15.37, p <0.01).

Бұл нәтижелер интерактивті визуализация құралдарын сабақта жүйелі түрде қолдану білім алушылардың:

·       ақпаратты талдау және  бағалау қабілетін;

·       логикалық ойлау мен себеп-салдарлық байланыстарды орнату дағдысын;

·       жаңа ақпаратты қабылдауға деген қызығушылығы мен мотивациясын

едәуір арттыратынын дәлелдейді.

Эксперименттік топтағы білім алушылар визуализация құралдары қолданылған сабақтарда ақпаратты талдауға, сұрақ қоюға және идея ұсынуға әлдеқайда белсенді қатысқан. Бұл визуалды ортаның танымдық процестерді ынталандыратынып, қызығушылық пен уәждемені арттыратынын дәлелдейді.

Алынған нәтижелер шетелдік және отандық зерттеулердің тұжырымдарымен үйлеседі. Мысалы:

-         Saidin және т.б. (2024) зерттеуінде мобильді кеңейтілген шындық технологиялары білім алушылардың визуалды қабылдау мен сыни ойлау қабілетін едәуір жақсартқанын анықтаған.

-         Roberts және әріптестері (2025) визуалды сценарийлерді пайдалану деректерді талдаудағы сыни пайымдау қабілетін дамытатынын дәлелдеген.

-         Kyvete Shatri & Buza (2017) визуализация оқыту процесін тек ақпарат беру құралы ретінде ғана емес, сыни талдау мен рефлексияны қалыптастыратын танымдық құрал ретінде қарастыру керектігін көрсеткен.

Бұл салыстырулар біздің зерттеуіміздің нәтижелерімен сәйкес келеді және визуализацияның бастауыш деңгейдегі білім алушылардың танымдық дамуына оң әсер ететінін нақтылайды.

Жүргізілген эксперимент нәтижелері бірнеше маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

-     Интерактивті визуализация құралдарын жүйелі қолдану оқыту процесін тек тартымды ғана емес, сонымен қатар когнитивті тұрғыдан тиімді етеді.

-     Визуалды ақпарат білім алушылардың жадында ұзақ сақталады, құрылымдалған ойлауды және логикалық пайымдауды белсендіреді.

-     Бастауыш білім беру кезеңінде визуализация әдістерін пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудың маңызды тетігі болып табылады.

 Эксперимент нәтижелері интерактивті визуализация құралдарын қолдану бастауыш сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін арттырумен қатар, олардың танымдық белсенділігін дамытуда маңызды рөл атқаратынын айқын көрсетті. Бұл технологиялар дәстүрлі әдістерге қарағанда тиімдірек әрі XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыруға бағытталған инновациялық тәсіл екенін дәлелдейді.

Заключение.

Қорытынды. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – бастауыш білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруда интерактивті визуализация құралдарының тиімділігін анықтау болды. Эксперимент барысында 3-сынып білім алушылары екі топқа бөлініп, бақылау тобы дәстүрлі әдіспен оқытылса, эксперименттік топта түрлі интерактивті визуализация құралдары (Canva, MindMeister, Scratch, Google Jamboard, Animaker және т.б.) жүйелі түрде қолданылды.

Алдын ала тестілеу (pre-test) мен кейінгі тестілеу (post-test) нәтижелері білім алушылардың танымдық белсенділігі бойынша айтарлықтай айырмашылықты көрсетті. Эксперименттік топтағы білім алушылар:

-      ақпаратты талдау, салыстыру, жалпылау дағдыларында;

-      логикалық ойлау мен дәлелді пікір білдіру қабілеттерінде;

-      шығармашылық және зерттеушілік белсенділігінде бақылау тобымен салыстырғанда жоғары нәтижелер көрсетті.

Бұл нәтижелер интерактивті визуализация құралдары тек ақпаратты көрнекі ету құралы ғана емес, сонымен бірге білім алушылардың белсенді танымдық әрекетін дамытудың және оқу процесіне қызығушылығын арттырудың қуатты әдісі екенін дәлелдеді.

Сонымен қатар зерттеу барысында визуалды құралдарды жүйелі және мақсатты қолдану білім алушылардың оқу материалын есте сақтау қабілетін арттырып, жаңа ақпаратты қабылдаудағы когнитивтік кедергілерді азайтатыны байқалды. Бұл бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін ерекше маңызды, себебі бұл кезең – олардың ойлау әрекетінің қарқынды дамитын кезеңі.

Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, келесі ұсыныстарды беруге болады:

-     Оқыту процесіне визуализация құралдарын жүйелі енгізу. Мұғалімдер сабақ құрылымын жобалау кезінде ақпаратты визуалды түрде жеткізудің заманауи әдістерін мақсатты түрде қолдануы тиіс.

-     Цифрлық сауаттылықты арттыру. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған курстар мен семинарларда интерактивті визуализация құралдарын тиімді пайдалану бойынша тәжірибелік тренингтер ұйымдастыру қажет.

-     Сыныптағы топтық және жобалық жұмыстарды визуализациямен ұштастыру. Ой карталары, комикстер, инфографикалар мен интерактивті плакаттар арқылы бірлескен шығармашылық тапсырмаларды жүзеге асыру білім алушылардың коммуникативтік және зерттеушілік қабілеттерін дамытады.

-     Бағалау жүйесін жетілдіру.   танымдық белсенділікті өлшеуге арналған арнайы бағалау құралдарын (рубрикаторлар, бақылау парақтары) визуализация нәтижелерін ескеріп жасау ұсынылады.

-     Келешектегі зерттеулерде визуализацияның жеке дағдыларға (мысалы, логикалық ойлау, шығармашылық, зерттеушілік қабілет) әсерін жеке-жеке талдау және әр құралдың тиімділігін салыстырмалы тұрғыда зерттеу маңызды.

Осылайша, интерактивті визуализация технологиялары қазіргі заманғы бастауыш білім берудің тиімді әдіснамалық құралы ретінде танылып отыр. Ол білім алушының тек танымдық белсенділігін ғана емес, сонымен қатар оқу процесіне деген қызығушылығын, ынтасын дамытады. Бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары білім беру сапасын арттыруға және оқу мазмұнын заманауи талаптарға сай бейімдеуге елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

Список литературы
1 Zhetpisbayeva B., Shelestova T. The Impact of Visualization on Student’s Achievement in Learning English Language in Primary School // Karaganda University Journal of Education. 2022. Т. 15, № 3. Б. 45–56
2 Mena A. Білім беру медиасында сыни ойлауды визуализациялау және бағалау тұжырымдамасы // ICoME 2022 халықаралық конференциясының материалдары [Электрондық ресурс]. 2022.
3 Черкасова Л.В. Оқу материалын визуализациялау технологиясы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру тәсілі ретінде // СурГПУ Хабаршысы. 2019. № 1. 132–141-бб. DOI: 10.26105/SSPU.2019.45.14.014.
4 Кузнецова Ю.Г. Визуализациялау – оқу-танымдық және ақпараттық құзыреттерді дамыту әдісі ретінде [Электрондық ресурс]. 2020.
5 Рябоконь Е.А., Крецан З.В., Шмакова Л.Е. Оқу ақпаратын визуализациялау білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде // Кемерово мемлекеттік университетінің хабаршысы. Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар. 2020. Т. 4, № 2. 126–136-бб.
6 Танкаян А.И., Красноплахтова Л.И. Визуализация ақпаратты қабылдау деңгейін арттыру және оқытуды қарқындату құралы ретінде // Интерактивті ғылым. 2018. № 6 (28). DOI: 10.21661/r-472178.
7 Маслова Т.А., Мосина Э.С., Павлюшина А.А., Ткач Д.А. Бастауыш мектеп сабақтарында цифрлық технологиялардың білім алушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы рөлі // Ғылым мен білім берудің даму тенденциялары. 2023. Калуга: К.Э. Циолковский атындағы Калуга мемлекеттік университеті.
8 Susilawati A., Rochintaniawati D., Kustiawan I., Hasanah L., Riandi R., Algiranto және т.б. Ғылымды оқыту саласындағы сыни және шығармашылық ойлау зерттеулерінің даму үрдістерін R Studio көмегімен талдау және визуализациялау // Математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша халықаралық конференция материалдары. 2024. 1210–1220-бб.
9 Мырзахметова А.Ж., Хлеников И.Д., Николает И.В. Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін дамытуға арналған практикалық ұсынымдар. 1-бөлім: Тарихты оқытуда визуализация дағдыларын дамыту технологиялары [Электрондық ресурс]. Қарағанды: академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, 2022.
10 Лихачёва М.Е. Орыс тілін шет тілі ретінде оқытуда визуализацияны білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру құралы ретінде қолдану // Инновациялық білім беру кеңістігі. 2017. № 1. Киров: Аймақаралық инновациялық білім беру технологиялары орталығы.
11 Lpgenerator. Визуалдық контент пен мәтіннің өзара толықтырушы элементтер ретіндегі рөлі [Электрондық ресурс]. 2017.
12 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. «Цифрлық сауаттылық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы [Электрондық ресурс]. Астана, 2022.
13 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы № 161 бұйрық [Электрондық ресурс]. Астана, 2024.
14 Яковлева Г.В., Сваталова Т.А., Скрипова Н.Е. және т.б. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың танымдық-зерттеушілік қызметін дамытуға арналған заманауи технологиялар: әдістемелік құрал. Челябинск: ЧИППКРО, 2019. 96 б
15 Бейсенқұлов А.А., Жарылғап Ж.Д., Садырова С.Ш. Визуализация мәдени және коммуникациялық формалардың даму тенденциясы ретінде // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Журналистика сериясы. 2023. № 1 (142). 15–22-бб.
16 Свистунов В.М., Мозговой А.И., Лобачев В.В., Голышкова И.Н. Білім беру контентін визуализациялаудың заманауи құралдары // Ресейдегі персоналды және зияткерлік ресурстарды басқару. 2023. № 5 (68). 5–11-бб. DOI: 10.12737/2305-7807-2023-12-5-5-11.
17 Kyvete S., Buza L. Оқу нәтижелерін арттырудағы визуализацияның рөлі: когнитивтік тұрғыдан қарастыру // Educational Technology Studies журналы. 2017. Т. 9, № 2. 45–58-бб.
Развитие критического мышления и познавательной активности учащихся начальной школы с помощью интерактивных инструментов визуализации

Конвергенция и междисциплинарные исследования

Цифровизация и информационные технологии

Инженерия, передовые материалы и технические науки

Энергетика и ресурсосбережение

ЭКОЛОГИЯ И ОКРУЖАЮЩАЯ СРЕДА

Экономика и менеджмент

"Their digital marketing strategies transformed our online presence completely. We've seen a 300% increase in qualified leads within just 3 months."

Client
Robert Johnson
CEO, TechSolutions Inc.

Have Questions?

Call Us Now

+1 (803) 952-3845

Email Us

marketing@example.com