Material
ӘОЖ: 811.512.19
ҒТАМР: 16.01.45
АБИЛГАЛАМОВА К.К.
магистр, тілдік дайындық кафедрасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы, Петропавл, Қазақстан Республикасы, ORCID: 0009-0009-8187-6920
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА КЕЙС-ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ: КУРСАНТТАРДЫҢ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ДАҒДЫЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТІК-ЖАУЫНГЕРЛІК ІС-ӘРЕКЕТКЕ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Андатпа. Мақалада қазақ тілін оқыту барысында кейс-технологияны қолданудың теориялық-әдістемелік негіздері қарастырылады. Курсанттардың шешім қабылдау дағдыларын және қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетке кәсіби даярлығын қалыптастырудағы кейс-технологияның рөлі мен тиімділігі талданады. Автор кейс-технологияны қазақ тілі сабақтарында қолданудың нақты әдістемелік жолдарын, кейс түрлерін, бағалау критерийлерін және күтілетін нәтижелерді ұсынады. Сонымен қатар қызметтік-жауынгерлік жағдаяттарға негізделген кейстердің үлгілері келтіріліп, олардың курсанттардың кәсіби құзыреттерін дамытуға әсері дәлелденеді.
Түйінді сөздер: кейс-технология, қазақ тілін оқыту, шешім қабылдау дағдысы, қызметтік-жауынгерлік іс-әрекет, кәсіби даярлық, құзыреттілік, интерактивті оқыту.
АБИЛГАЛАМОВА К.К.
магистр, заместитель начальника кафедры языковой подготовки, Академия Национальной гвардии Республики Казахстан, Петропавловск, Республика Казахстан, ORCID: 0009-0009-8187-6920
ПРИМЕНЕНИЕ КЕЙС-ТЕХНОЛОГИИ В ОБУЧЕНИИ КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ: РАЗВИТИЯ НАВЫКОВ ПРИНЯТИЯ РЕШЕНИЙ И ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ПОДГОТОВКИ К СЛУЖЕБНО-БОЕВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ У КУРСАНТОВ
Аннотация. В статье рассматриваются теоретико-методические основы применения кейс-технологии в процессе обучения казахскому языку. Анализируется роль и эффективность кейс-технологии в формировании навыков принятия решений и профессиональной подготовки курсантов к служебно-боевой деятельности. Автор предлагает конкретные методические пути применения кейс-технологии на занятиях казахского языка, виды кейсов, критерии оценивания и ожидаемые результаты. Также приводятся примеры кейсов, основанных на служебно-боевых ситуациях, и доказывается их влияние на развитие профессиональных компетенций курсантов.
Ключевые слова: кейс-технология, обучение казахскому языку, курсант, навык принятия решений, служебно-боевая деятельность, профессиональная подготовка, компетентность, интерактивное обучение.
ABILGALAMOVA K.K.
Master, Deputy Head of the Department of Language Training, Academy of the National Guard of the Republic of Kazakhstan, Petropavlovsk, Republic of Kazakhstan, ORCID: 0009-0009-8187-6920
APPLICATION OF CASE TECHNOLOGY IN TEACHING THE KAZAKH LANGUAGE: DEVELOPMENT OF CADETS’ DECISION-MAKING SKILLS AND PROFESSIONAL FOR SERVICE- COMBAT ACTIVITIES
Annotation. The article examines the theoretical and methodological foundations of using case technology in the process of teaching the Kazakh language. The role and effectiveness of case technology in forming decision-making skills and professional training of cadets for service and combat activities are analyzed. The author proposes specific methodological ways of using case technology in Kazakh language classes, types of cases, assessment criteria and expected results. Examples of cases based on service and combat situations are also given, and their impact on the development of professional competencies of cadets is proven.
Keywords: case technology, teaching the Kazakh language, cadet, decision-making skill, service and combat activity, professional training, competence, interactive learning.
Қазіргі таңда еліміздің қорғаныс және құқық қорғау салаларында қызмет ететін мамандарды даярлауда олардың кәсіби біліктілігімен қатар, мемлекеттік тілде еркін сөйлеу, іскерлік құжаттаманы жүргізу және қызметтік-жауынгерлік жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын меңгеруі аса маңызды. Осы орайда қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерінің бірі – кейс-технология. Кейс-технология дегеніміз нақты немесе модельденген өмірлік жағдаяттарды талдау арқылы білім алушылардың аналитикалық, коммуникативтік және шешім қабылдау қабілеттерін дамытатын интерактивті оқыту әдісі болып табылады. Бұл технология білім алушыны пассивті тыңдаушы емес, белсенді әрекет субъектісі ретінде танытатынын айқындауға болады. Қазақ тілін оқыту барысында кейс-технологияны қолданудың өзектілігін бірнеше факторлардан байқауға болады. Біріншіден, тілді тек теориялық тұрғыда емес, практикалық қызметтік жағдаяттарда қолдану қажеттілігі туындайды. Екіншіден, курсанттардың болашақ кәсіби іс-әрекетінде кездесетін нақты мәселелерді шешуге даярлау қажет. Үшіншіден, сыни ойлау, топтық жұмыс және коммуникация дағдыларын дамыту талап етіледі. Төртіншіден, оқыту үдерісін заманауи талаптарға сай ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Осыған орай мақаланың мақсаты – қазақ тілін оқытуда кейс-технологияны қолдану арқылы курсанттардың шешім қабылдау дағдылары мен қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетке кәсіби даярлығын қалыптастырудың тиімді жолдарын теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу болып табылатыны анық.
Кейс-технологиясының негізі Гарвард университетінде XX ғасырдың баcында қаланды. Бастапқыда құқық және бизнес салаларында, кейін бұл әдіс педагогикада кең таралды. Қазақстандық білім беру жүйесінде кейс-технология 2000-жылдардан бастап тарай бастады. Кейс-технологияның негізгі принциптеріне проблемалық жағдаятқа негізделу, шынайы немесе модельденген контекст, топтық талдау және пікірталас, альтернативті шешімдерді салыстыру, рефлексия және кері байланыс тәсілдерін атқызуға болады. Проблемалық жағдаятқа негізделу принципі бойынша әр кейс шешімі бір текті емес мәселені қамтиды. Шынайы немесе модельденген контекст принципі бойынша жағдаят нақты қызметтік-жауынгерлік өмірден алынады. Топтық талдау және пікірталас принципі бойынша курсанттар бірлесіп шешім іздейтіні анық. Альтернативті шешімдерді салыстыру принципі бойынша әр топ өз шешімін ұсынып, дәлелдеуді бастайды. Сабақ барысында Рефлексия және кері байланыс принципі бойынша нәтижелерді бағалау және өзін-өзі бағалау жүзеге асырылады. Кейс-технологияның педагогикалық негіздері ретінде контекстік оқыту теориясын, проблемалық оқытуды, құзыреттілік тәсілді және интерактивті оқытуды өзекті мәселе ретінде атауға болады. Контекстік оқыту теориясы бойынша білім мазмұны болашақ кәсіби іс-әрекет контекстінде беріледі. Проблемалық оқыту бойынша мәселені шешу арқылы білім алу жүзеге асырылады. Құзыреттілік тәсіл бойынша білім, білік, дағдыны практикада қолдану кеңінен көзделеді. Интерактивті оқыту бойынша субъектілік қарым-қатынас орнатылады.
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын кейстерді шартты түрде бірнеше топқа бөлу жүзеге асырылады. Жаттығу кейсі деп нақты жауаптары бар қысқа жағдаятты айтамыз, ол тілдік құрылымдарды, грамматикалық үлгілерді бекіту мақсатында қолданылады. Оқу кейсі деп талдауды қажет ететін орташа көлемді жағдайды айтамыз, ол кәсіби терминологияны меңгеру, ол сабақ барысындағы мәтінмен жұмыс мақсатында пайдаланылады. Жобалық кейс деп кешенді шешімді талап ететін көлемді мәселені айтамыз, оны жобалық құжаттармен жұмыс, топтық жоба қорғау мақсатында қолдануға болады. Ситуациялық талдау деп қызметтік-жауынгерлік жағдаятты айтамыз, ол курсанттардың оқу-жаттығу барысындағы жедел шешім қабылдауы, командирлік дағдыларды дамытуы мақсатында қолданылады. Коммуникативтік кейс деп диалог келіссөз, түсіндіру жұмыстарын айтамыз, ол тілдік қарым-қатынас, мәдениетаралық коммуникация мақсатында қолданылады. Курсанттардың болашақ кәсіби іс-әрекеті әскери немесе құқық қорғау саласымен байланысты болғандықтан, кейстер нақты қызметтік жағдаяттарға ғана негізделуі тиіс. Мысалы, тактикалық шешім қабылдау кейсінде бөлімше командирі белгіленген аймақта түсініксіз жағдайда шешім қабылдауы қажет болады, радиобайланыс үзілген, жергілікті тұрғындармен қазақ тілінде келіссөз жүргізу талап етіледі. Бұл жағдайда курсанттар жағдаятты қазақ тілінде талдап, хабарлама мәтінін құрастырып, әскери терминологияны дұрыс қолдануы керек. Сабақ барысында тақырыпқа сай құжаттармен жұмыс кейсінде қызметтік хат, баянат, түсініктеме жазу қажет болады, курсанттар ресми-іскерлік стильде құжат дайындауы, кәсіби лексиканы қолдануы, нормативтік талаптарды сақтауы тиіс. Коммуникативтік жағдаят кейсінде жергілікті халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, келіссөздер жүргізу қажет болады, курсанттар диалог құрастыруы, арнайы терминологияны бейімдеуі, мәдениетаралық коммуникация дағдысын көрсетуі керек. Дағдарыс жағдайындағы басқару кейсінде төтенше жағдай кезінде бөлімше құрамын ұйымдастыру, нұсқаулық беру қажет болып табылады, курсанттар қазақ тілінде нақты, қысқа және түсінікті бұйрықтар мен нұсқауларды тұжырымдауы тиіс.
Кейс-технологияны қазақ тілі сабағында қолдану келесі кезеңдерді қамтиды. Бірінші кезең – кейсті дайындау, мұнда оқытушы нақты жағдаятты таңдап, оны дидактикалық мақсатқа бейімді етіп жасауды жүзеге асырады. Екінші кезең – кіріспе, мұнда курсанттарды жағдаятпен таныстыру, мақсат пен міндеттерді түсіндіру жүзеге асырылады. Үшінші кезең – жеке талдау, мұнда әр курсант өз бетінше жағдаятты талдап, шешім нұсқаларын қалай жасау қажеттігін ойластырады. Төртінші кезең – топтық талқылау, мұнда шағын топтарда пікір алмасу, ортақ шешім қабылдау жүзеге толығымен асырылу қажет. Бесінші кезең – презентация, мұнда курсанттар топ-топқа бөлініп, әр топ өз шешімін ұсынып, дәлелдеуі тиіс. Алтыншы кезең – жалпы талдау және қорытынды, бұл кезеңде оқытушы барлық шешімдерді салыстырып, қорытынды жасайды. Жетінші кезең – рефлексия, бұл кезеңде курсанттар өз және бір-бірінің іс-әрекетін бағалайды, қандай дағдыларды дамытқанын анықтап, пікірлерін ортаға салады. Бұл кезеңдер курсанттардың сыни ойлау, коммуникация, топтық жұмыс және шешім қабылдау дағдыларын кезең-кезеңімен дамытуға мүмкіндік береді.
Кейс-технология курсанттардың бірнеше құзыреттерін дамытуға бағытталған. Аналитикалық құзырет аясында ақпаратты жинақтау және талдау, себеп-салдар байланысын анықтау, басымдықтарды белгілеу, альтернативті шешімдерді салыстыру дағдылары орын алады. Коммуникативтік құзырет аясында курсанттардың қазақ тілінде ойын нақты жеткізуі, кәсіби терминологияны дұрыс қолдануы, тыңдау және кері байланыс беруі, топта жұмыс істеу дағдылары дамиды. Шешім қабылдау құзыреті аясында альтернативаларды бағалау, тәуекелдерді есепке алу, жауапкершілік таныту, жедел жағдайда дұрыс шешім қабылдау дағдылары қалыптасады. Кәсіби-жауынгерлік құзырет аясында қызметтік жағдаятты түсіну, нормативтік құжаттарды білу, жедел шешім қабылдау, әскери терминологияны меңгеру біліктілігі қалыптасады. Осы құзыреттердің жиынтығы курсанттың болашақ кәсіби іс-әрекетіне толыққанды даярлығын қамтамасыз етеді.
Кейс-технологияны қолданудың әдістемелік ұсыныстарына тоқталайық. Кейс құрылымы титулдық бөлімнен, жағдаят сипаттамасынан, қосымша ақпараттан, тапсырмалардан, бағалау критерийлерінен, әдістемелік нұсқаулардан және уақыт регламентінен тұруы тиіс. Титулдық бөлімде тақырып, мақсат, күтілетін нәтиже көрсетіледі. Жағдаят сипаттамасында контекст пен деректер беріледі. Қосымша ақпарат ретінде құжаттар, карталар, схемалар ұсынылады. Тапсырмалар жеке және топтық болып еікге бөлінеді. Бағалау критерийлері алты бағыт бойынша жүзеге асырылады. Тілдік дұрыстық критерийі бойынша грамматика, лексика, стиль бағаланады. Терминология критерийі бойынша кәсіби лексиканы қолдану бағаланады. Талдау тереңдігі критерийі бойынша жағдаятты түсіну, себеп-салдар бағаланады. Шешім негізділігі критерийі бойынша логикалық дәлелдеу, альтернативалар сараланады. Коммуникация критерийі бойынша топтық жұмыс, презентация бағаланады. Рефлексия критерийі бойынша өзін-өзі бағалау, қорытынды құндылығы анықталады. Әр критерий бес ұпайға дейін бағаланады. Тиімді әдістемелік тәсілдерге саралап оқыту, проблемалық оқыту, жобамен оқыту, рефлексивті оқыту және цифрлық құралдар жатады. Саралап оқыту бойынша әр деңгейдегі курсанттарға бейімделген кейстер ұсынылады. Проблемалық оқыту бойынша шешімде бір мәнді емес жағдаяттар қолданылады.
Қорыта келе, қазақ тілін оқытуда кейс-технологияны қолдану – курсанттардың шешім қабылдау дағдылары мен қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетке кәсіби даярлығын қалыптастырудың тиімді құралы болып табылады. Ол тілдік дағдыларды нақты қызметтік контекстте дамытуға, кәсіби терминологияны меңгеруге, сыни ойлау мен коммуникация қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Кейс-технологияның артықшылықтары ретінде курсанттардың белсенділігін арттыруын, теорияны практикамен ұштастыруын, кәсіби құзыреттерді дамытуын, топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыруын, шешім қабылдау жылдамдығын атап өтуге болады. Болашақта кейс-технологияны цифрлық платформалармен ұштастыру, виртуалды және толықтырылған шындық элементтерін қолдану, сондай-ақ кейстердің жаңа түрлерін әзірлеу өзекті міндеттер болып табылады. Бұл қазақ тілін оқытудың сапасын арттырып, курсанттардың кәсіби даярлығын жаңа деңгейге көтереді.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ:
- Вербицкий А.А. Контекстное обучение в компетентностном подходе. – М., 2010.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007.
- Смолянинова О.Г. Кейс-технология в профессиональном обучении. – Красноярск, 2011.
- Әбдіғапбарова Ұ.М. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2015.
- Жүнісова М. Интерактивті оқыту технологиялары. – Астана, 2018.
REFERENCES:
- Verbitskiy A.A. Kontekstnoe obuchenie v kompetentnostnom podkhode. – M., 2010.
- Qazaqstan Respublikasynyng «Bilim turaly» Zangy. – Astana, 2007.
- Smolyaninova O.G. Keys-tekhnologiya v professionalnom obuchenii. – Krasnoyarsk, 2011.
- Abdighapbarova U.M. Qazaq tilin oqytu adistemesi. – Almaty, 2015.
- Zhunisova M. Interaktivti oqytu tekhnologiyalary. – Astana, 2018.
Discussion
No comments yet.