ӘОЖ: 344.121
ҒТАМР: 10.01.07

ТEЛEУЖAНOВ C.К.1, АЛДИЯРОВ Е.Т.2, КАЛИЕВ Б.А.3

1 Қазқстан Республикасының Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінің әсери полиция қызметінң бастығы, подполковник, (PhD) филocoфия дoктopы, Астана қаласы
2 Қазақстан Республикасы ІІМ М.Букенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Көлік объектілеріндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі, заң ғылымдарының магистірі, Ақтобе қаласы;
3 Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Академиясы жалпы білім беретін пәндер кафедрасы бастығының орынбасары, майор, гуманитарлық ғылымдардың магистірі, Петропавл қаласы.

ӘCКEPИ ҚЫЗМEТШІЛEPДІҢ ЖEКE ӨМІPІ ҚЫЛМЫCТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚOPҒAУДЫҢ OБЪEКТІCІ PEТІНДE

Андатпа. Ұсынылып отырған ғылыми жұмыста әскери қызметкерлердің жеке өмірін қылмыстық заңнама аясында қорғау мәселелері талданады. Авторлар әскерилердің жеке кеңістігіне қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ету – құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудың, сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты екенін негіздейді. Құқықтық мемлекет қағидаттарына сәйкес, жалпы халықтың, соның ішінде әскери қызметтегі тұлғалардың жеке өмірі қылмыстық-құқықтық қорғаудың басты басымдықтарының қатарына жатады. Өйткені, заң үстемдігі орнаған қоғамда кез келген даулы мәселелер мен қайшылықтар тек құқықтық жолмен реттелуі тиіс. Тиісінше, әскери қызметкерлердің жеке құпиясы мен өміріне мемлекет тарапынан ерекше назар аударылуы – сол елдегі өркениеттілік пен демократиялық дамудың айқын өлшемі саналады. Сонымен қатар, мақалада ұлттық құқық жүйесін жетілдіру және оны халықаралық нормативтермен үйлестіру үшін қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттеу механизмдерін тереңірек түсіну қажеттігі туындайтыны көрсетілген. Осы орайда, заңнамалық ұғымдардың, құқықтық категориялар мен дефинициялардың өзіндік ерекшеліктерін нақтылау міндеті алға қойылады

Түйінді сөздер: әскери қылмыстық құқық бұзушылық, қылмыстық жауаптылық, құқық, әскери қызмет, әскери қызметкер, нысан, құқықтық мәртебе, Қарулы Күштер.

ТEЛEУЖAНOВ C.К.1, АЛДИЯРОВ Е.Т.2, КАЛИЕВ Б.А.3

1 Начальник службы военной полиции 3656 воинской части Национальной гвардии Республики Казахстан, подполковник, доктор философии (PhD), город Астана
2 начальника кафедры организации безопасности на объектах транспорта Актюбинского юридического института имени М.Букенбаева МВД Республики Казахстан, подполковника полиции, магистра юридических наук, город Актобе;
3 Заместитель начальника кафедры общеобразовательных дисциплин Академии Национальной гвардии Республики Казахстан, майор, магистр гуманитарных наук, город Петропавловск.

ЛИЧНАЯ ЖИЗНЬ ВОЕННОСЛУЖАЩИХ КАК ОБЪЕКТ УГОЛОВНО-ПРАВОВОЙ ЗАЩИТЫ

Аннотация. В предлагаемой научной работе будут проанализированы вопросы защиты частной жизни военнослужащих в рамках уголовного законодательства. Авторы обосновывают, что обеспечение неприкосновенности личного пространства военных является основным условием формирования правового государства и гражданского общества, а также эффективного функционирования правоохранительной системы. В соответствии с принципами правового государства, личная жизнь населения в целом, в том числе лиц, состоящих на воинской службе, является одним из главных приоритетов уголовно-правовой защиты. Потому что любые спорные вопросы и противоречия в обществе с верховенством закона должны регулироваться только правовым путем. Соответственно, особое внимание со стороны государства к личной тайне и жизни военнослужащих - явный критерий цивилизованности и демократического развития в этой стране. Кроме того, в статье отмечается, что для совершенствования национальной правовой системы и гармонизации ее с международными нормативами необходимо более глубокое понимание механизмов регулирования уголовно-правовых отношений. В этой связи ставится задача конкретизировать специфику законодательных понятий, правовых категорий и дефиниций

Ключевые слова: военное уголовное правонарушение, уголовная ответственность, право, воинская служба, военнослужащий, форма, правовой статус, Вооруженные Силы.

TELEUZHANOV S.K.1, ALDIYAROV E.T.2, KALIEV B.A.3

1 Head of the Military Police Service of the 3656 military unit of the National Guard of the Republic of Kazakhstan, Lieutenant Colonel, Doctor of Philosophy (PhD), Astana
2 Head of the Department of Security Organization at Transport Facilities of the Aktobe Law Institute named after M. Bukenbaev of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan, Police Lieutenant Colonel, Master of Law, Aktobe;
3 Deputy Head of the Department of General Education Disciplines of the Academy of the National Guard of the Republic of Kazakhstan, Major, Master of Arts, city of Petropavlovsk.

PERSONAL LIFE OF MILITARY PERSONNEL AS AN OBJECT OF CRIMINAL LEGAL PROTECTION

Annotation. The proposed scientific work will analyze the issues of protecting the privacy of military personnel within the framework of criminal law. The authors justify that ensuring the inviolability of the personal space of the military is the main condition for the formation of a rule of law and civil society, as well as the effective functioning of the law enforcement system. In accordance with the principles of the rule of law, the personal life of the population as a whole, including persons in military service, is one of the main priorities of criminal legal protection. Because any controversial issues and contradictions in society with the rule of law should be regulated only by legal means. Accordingly, special attention on the part of the state to personal secrets and the life of military personnel is a clear criterion for civilization and democratic development in this country. In addition, the article notes that in order to improve the national legal system and harmonize it with international standards, a deeper understanding of the mechanisms for regulating criminal law relations is needed. In this regard, the task is to specify the specifics of legislative concepts, legal categories and definitions.

Keywords: military criminal offense, criminal liability, law, military service, soldier, uniform, legal status, Armed Forces.

Ұсынылып отырған ғылыми жұмыста әскери қызметкерлердің жеке өмірін қылмыстық заңнама аясында қорғау мәселелері талданады. Авторлар әскерилердің жеке кеңістігіне қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ету – құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудың, сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты екенін негіздейді.

Құқықтық мемлекет қағидаттарына сәйкес, жалпы халықтың, соның ішінде әскери қызметтегі тұлғалардың жеке өмірі қылмыстық-құқықтық қорғаудың басты басымдықтарының қатарына жатады. Өйткені, заң үстемдігі орнаған қоғамда кез келген даулы мәселелер мен қайшылықтар тек құқықтық жолмен реттелуі тиіс. Тиісінше, әскери қызметкерлердің жеке құпиясы мен өміріне мемлекет тарапынан ерекше назар аударылуы – сол елдегі өркениеттілік пен демократиялық дамудың айқын өлшемі саналады.

Сонымен қатар, мақалада ұлттық құқық жүйесін жетілдіру және оны халықаралық нормативтермен үйлестіру үшін қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттеу механизмдерін тереңірек түсіну қажеттігі туындайтыны көрсетілген. Осы орайда, заңнамалық ұғымдардың, құқықтық категориялар мен дефинициялардың өзіндік ерекшеліктерін нақтылау міндеті алға қойылады.

Түйінді сөздер:әскери қылмыстық құқық бұзушылық, қылмыстық жауаптылық, құқық, әскери қызмет, әскери қызметкер, нысан, құқықтық мәртебе, Қарулы Күштер.

 

Кіріспе. Қылмыстық заңнаманың негізгі миссиясы мен мақсаттары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабында нақты көрініс тапқан. Аталған нормаға сәйкес, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті және елдің конституциялық құрылымын қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау – басты міндет саналады. Сонымен қатар, бұл құжат бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды көздейді [1].

Әскери салада қызмет ететін тұлғалардың жеке өмірі – олардың жеке еркіндігінің тікелей кепілі әрі көрсеткіші. Осы орайда, тек әскерилердің ғана емес, жалпы халықтың жеке кеңістігін қылмыстық заңнама арқылы қорғау – құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастырудың, сондай-ақ құқық қорғау құрылымдарының жұмысын тиімді ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Тарихи тұрғыдан алсақ, Қазақстан 1991 жылы 25 қазанда Тәуелсіздігін жариялап, құқықтық реформалар бағдарламасын бекіткеннен кейін, қоғамдық қатынастарды жаңаша реттеу міндеті туындады. Бұл процестің заңды қорытындысы ретінде 1997 жылы 16 шілдеде еліміздің тұңғыш Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Тарихи алғышарттарды сараптай отырып, отандық қылмыстық заңнаманы қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі уақыт талаптарына жауап беретін құқықтық қоғам құру болғанын көреміз. Зерттеу шеңберінде бұл жағдай Қазақстанның қылмыстық саясатының бағытын, әсіресе әскери құқық бұзушылықтар саласындағы нормаларды адам құқықтарын қорғайтын халықаралық стандарттарға үйлестіру қажеттілігін туындатады. Сонымен бірге, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі туралы конституциялық қағидатты және қылмыстық құқықтың іргелі ережелерін сақтау басты міндеттердің қатарына жатады.

Негізгі бөлім. Әскери қызметтің ерекше сипаты әскери қызметшілердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарына белгілі бір шектеулер қоюды немесе керісінше, оларға арнайы құқықтар мен міндеттер жүктеуді заң жүзінде айқындап береді. Бұл мән-жай әскери қызметтің мәнін ашып, оның өзге мемлекеттік қызмет түрлерінен айырмашылығын тереңірек түсінуді талап етеді. Сонымен қатар, мұндай ерекшеліктердің конституциялық нормаларға қаншалықты қайшы келмейтіндігін саралау қажет. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамының құқықтық мәртебесін жан-жақты нақтылау өзекті мәселеге айналып отыр.

Әскери қылмыстардың спецификасын назарға алсақ, ең алдымен, армия институтының өзіндік ерекшеліктері әскери қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту барысында заң шығарушы тарапынан арнайы тәсілді қажет ететінін көреміз. Жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, қалыптасқан жағдайды сыни тұрғыдан бағалау, оларға құқықтық түсініктеме беру өте маңызды. Сондай-ақ, бұл жайт әскери құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстық саясатты одан әрі жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуді талап етеді.

Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың бірі ретінде Қазақстанның 2010–2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын (2009 жылғы 24 тамызда қабылданған №858 Жарлық) атап өтуге болады. Бұл құжатқа сәйкес, мемлекеттік құқықтық саясатты іске асырудың басты шарты – қылмыстық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ нормативтік база мен құқық қолдану тәжірибесін өзара үйлесімділікте кешенді түрде жаңғырту болып табылады. Сонымен қатар, қолданыстағы қылмыстық заңнаманың ағымдағы жай-күйіне баға беріліп, ол адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғам мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғайтын негізгі әрі пәрменді құрал ретінде танылды.

Құқықтық жүйені жаңарту бағдарламасы аясында, әсіресе әлеуметтік осал топтар мен қылмысты бірінші рет жасаған тұлғаларға қатысты жазалау саясатын ізгілендіру мақсатында 2014 жылдың 3 шілдесінде жаңа Қылмыстық кодекс қабылданып, ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді. Осы жаңа нормативтік актіде «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар» деп аталатын 18-тарау бекітілді. Айта кететін маңызды жайт, бұрынғы заңнамада осы тарауда орын алған «әскери қылмыстар» ұғымының толық анықтамасы (яғни, Қарулы Күштер мен басқа да әскери құрамалардағы мерзімді немесе келісімшарт негізіндегі қызметшілердің, сондай-ақ жиынға шақырылған запастағы азаматтардың әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы әрекеттері) алынып тасталып, Кодекстің 3-бабының 6-тармақшасына жеке норма ретінде ауыстырылды.

Жоғарыда аталған 2010–2020 жылдарға арналған Тұжырымдамада ұлттық құқық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары да нақтыланған. Бұл мақсатқа жету үшін қолданыстағы заңдарды жүйелеп, ескірген немесе бір-бірін қайталайтын нормалардан тазарту, құқықтық реттеудегі бос кеңістіктерді (олқылықтарды) толтыру және ішкі қайшылықтарды жою міндеті қойылды. Бұған қоса, заңнамалық актілердегі сілтемелік нормаларды барынша азайтып, тікелей әрекет ететін заңдарды қабылдау тәжірибесін кеңейту қажеттігі баса айтылған [2, 2-б.].

Осы орайда, отандық заңнаманы халықаралық стандарттарға сай жаңғырту процесінде қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттеудегі өзіндік ерекшеліктерді, құқықтық санаттар мен ұғымдардың (дефинициялардың) мәнін тереңірек ашып көрсету талап етіледі.

Қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап беретін нақты заңнамалық механизмдер болмаса, тиісінше, оларды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті де белгілеу мүмкін емес. Тәуелсіздік жылдарында қоғамдық өмірдің барлық салаларында орын алған трансформациялық процестер жеке тұлға мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастар жүйесінің түбегейлі өзгеруіне алып келді.

Жоғарыда айтылғандай, заңнамалық актілерде «жеке өмір» категориясының нақты дефинициясы мен оны айқындайтын өлшемдер (критерийлер) бекітілмеген. Дегенмен, нормативтік түсініктің болмауы жеке тұлғаның өз кеңістігіне қолсұғылмаушылық құқығын қорғаудан бас тартуды білдірмейді. Ғылыми әдебиеттер мен түсіндірме сөздіктерде «реттеу» процесі белгілі бір жүйені қалыпқа келтіру, бағыттау, сондай-ақ тетіктердің мінсіз әрі дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету сияқты мағыналарда қарастырылады [3, 672-б.].

Құқық қолдану тәжірибесі көрсеткендей, қылмыстық қолсұғушылық нысанының бұлайша нақтыланбауы оны әртүрлі, кейде тіпті негізсіз еркін түсіндіруге ұласуы мүмкін. Бұл, өз кезегінде, заң мағынасын жасанды түрде тарылтуға немесе шектен тыс кеңейтуге алып келеді, ал қылмыстық-құқықтық қатынастар аясында мұндай ауытқушылықтарға жол берілмеуі тиіс [4, 231-б.].

Бұл мәселеге қатысты отандық қылмыстық саясатты зерттеуші ғалым С.М. Рахметовтің тұжырымы өте орынды. Оның пікірінше, қылмысқа қарсы күресті реттейтін нормативтік базадағы кез келген олқылықтар мен кемшіліктер бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелілігін төмендетіп қана қоймай, құқық қорғау құрылымдарының қылмысқа қарсы іс-қимылдағы әлеуетін барынша әлсіретеді [5, 69-б.].

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, әскери қызметкерлердің жеке кеңістігін қылмыстық тұрғыдан қорғау мәселелерін шешу үшін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру қажеттілігі туындайды. Осы реформалардың негізгі қадамы ретінде заңнаманы біріздендіру аясында «әскери қызметшілердің жеке өміріне қолсұғылмаушылық» категориясына қатысты терминдердің ортақ тізбесін жасақтауға басымдық берілуі керек. Біздің көзқарасымызша, аталған ұғымның қылмыстық-құқықтық мазмұны мен мәнін терең талдамас бұрын, оның құрамына кіретін әрбір терминді нақтылап алу шарт. Себебі заң тілі кез келген құқық қолданушы үшін барынша анық, дәл әрі екіұштылықтан ада болуы міндетті. Сонымен қатар, теориялық тұжырымдар заң тілімен үйлесім табуы қажет, өйткені бір ғана сөздің мағыналық бұлыңғырлығы тұтас бір құқықтық институттың соңғы мәнін бұрмалап жіберуі ықтимал.

Алдымен ғылыми айналымда жиі синоним ретінде қолданылатын «қорғау» және «сақтау» категорияларының мәнін ажыратып алу маңызды. Мәселен, В.Д. Филимоновтың ғылыми көзқарасына сүйенсек, қылмыстық құқықтың іргелі әлеуметтік мақсаты – қоғамды түрлі қауіпті іс-әрекеттерден арашалау [6, 16-б.]. Ал Н.И. Матузовтың тұжырымдауынша, заңды мүдделер мен құқықтар үздіксіз сақталу режимінде болады, ал оларға тікелей нұқсан келген жағдайда қорғау механизмі іске қосылады. Яғни ғалым сақтауды қорғау процесінің бастапқы сатысы ретінде қарастырады [7, 31-б.].

Осы ұғымдардың табиғатын саралай келе, «қорғау» термині – құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жасауды, олардың жолын кесуді және келтірілген залалдың орнын толтыруды білдіреді деп қорытындылауға болады. Өз кезегінде «сақтау» ұғымы – заңдылық бұзылғанға дейінгі қалыпты құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын қамтиды. Заң шығарушы органдар нормативтік актілерде «қорғау» терминін қолдану арқылы құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды ғана емес, сонымен қатар тиісті кепілдіктер жүйесін бекіту арқылы олардың алдын алу міндетін де көздейді.

Зерттеу әдіснамасы. Ғылыми жұмысты жазу барысында әскери қызметкерлердің жеке кеңістігін қылмыстық-құқықтық қорғау мәселелерін зерттеген қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іргелі еңбектері негізге алынды. Зерттеу мақсатына жету үшін жалпы ғылыми және арнайы таным тәсілдері, оның ішінде салыстырмалы-құқықтық талдау, статистикалық сараптау, сондай-ақ бақылау мен мәліметтерді жүйелеу сияқты әлеуметтанулық әдістер кеңінен қолданылды.

Талқылау. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының базалық міндеттері Қылмыстық кодекстің 2-бабының бірінші бөлігінде нақтыланған. Бұл норманың басты мақсаты – жеке тұлғаның, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін, сондай-ақ конституциялық құрылым мен экологиялық қауіпсіздікті қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау. Сонымен қатар, аталған құқықтық норма қылмыстық заңнаманың жалпы міндеттерін айқындай отырып, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қатысты мәселелерде «қорғау» және «сақтау» категорияларын қатар қолданады. Бұл заңнамалық терминологияның ұлттық және жаһандық құндылықтарды қамтамасыз етудегі кешенді тәсілін көрсетеді.

Қоғамның табиғи эволюциясы мен тұрақты дамуы тікелей әскери қызметкерлердің құқықтық кепілдіктері мен бостандықтарын қорғайтын нормативтік актілердің мүлтіксіз орындалуына тәуелді. Жалпы алғанда, құқық ұғымын тұлғалық қажеттіліктер мен мүдделерге баға беру жүйесі ретінде қарастыруға болады. Осы бағалаудың нәтижесінде билік институттары қоғам мүшелерінің тәртібіне қойылатын талаптарды заңдық күшке ие ережелерге айналдырады. Тиісінше, жеке тұлғалардың іс-әрекеттері мемлекеттің басты мақсаттары мен қоғамдық құндылықтарды қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қорғау өлшемдерімен өлшенеді. Егер адамның қылығы мемлекет пен қоғамның іргетасына, өмір сүру негіздеріне қауіп төндіретін болса, ол қылмыс ретінде жіктеліп, оған қатаң жағымсыз баға беріледі. Қоғамдық мүддені қорғау – кез келген демократиялық жүйенің басты тірегі.

Тәжірибе көрсеткендей, әскери қызметшілердің өз заңды құқықтарын қорғауға құлықсыздық танытуы тек олардың құқықтық сауаттылығының төмендігінен туындамайды. Бұл көбінесе мұндай талпыныстардың сәтсіздікпен аяқталуына деген сенімсіздік пен мотивацияның жоқтығына байланысты. Мәселенің парадоксалды тұсы сол – жағдайды оңалту тек билік пен құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес, ол бүкіл қоғамның күш біріктіруіне, әрбір азаматтың құқықтық санасы мен мәдениетінің деңгейін көтеруге тікелей тәуелді. Ғалымдар атап өткендей, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда «отбасы, білім беру мекемесі, қоғам және мемлекет» сияқты кешенді әлеуметтендіру тетіктерін іске қосу қажет [8, 118-б.].

Соған қарамастан, басты бастамашы рөлін мемлекет өзіне алуы тиіс. Тиімді заңнамалық база құру және оның орындалуын қатаң бақылау, соның ішінде азаматтардың жеке кеңістігін қылмыстық-құқықтық қорғау механизмдерін іс жүзінде қамтамасыз ету – қоғамдағы құқықтық нигилизмді (салғырттықты) жоюға ықпал етеді. Заң үстемдігіне ұмтылған кез келген мемлекетте құқықты құрметтеу әрбір азаматтың, соның ішінде әскери қызметшінің берік ішкі ұстанымына айналуы шарт. Бұл орайда құқықтану ғылымының алдында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және азаматтық қоғамды қалыптастыратын басқа да құндылықтарды дәріптейтін идеологиялық негіздерді көрсететін өзге пәндермен өзара байланысты зерттеу міндеті тұр. Құқыққа деген құрметті азаматтық сенім ретінде тәрбиелеу – қылмыстық-құқықтық саясаттың маңызды идеологиялық бағыты болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, әскерилердің жеке өмірін қылмыстық-құқықтық қорғау мәселесін ғылыми зерделеу – жалаң теориялық ізденіс қана емес, сонымен қатар мемлекеттің азаматтарды құқықтық тәрбиелеу жөніндегі миссиясына қосылған нақты үлес болып саналады.

Қылмыстық заңнаманың басты қызметі – мемлекеттік құрылымды, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ әскери қызметкерлердің жеке басына тиіспеушілікті, олардың меншігі мен өзге де іргелі құндылықтарын қорғау. Осы аталған игіліктерге нұқсан келтіретін кез келген әрекетке заң тұрғысынан қатаң жағымсыз баға беріледі. Сот төрелігі институты өз кезегінде халықты заң талаптарын бұлжытпас орындауға және адамзаттың бірге өмір сүру қағидаларын сақтауға баулиды. Десе де, тарихи тұрғыдан алғанда, қылмыстық құқық көбінесе адамның өміріне, меншікке және мемлекет мүддесіне қарсы қылмыстарға басымдық беріп келді. Осы мәселеге қатысты отандық ғалым Е.А. Оңғарбаев өте орынды пікір білдірген. Оның пайымдауынша, жеке тұлға мен мүлікті қылмыстық қорғау нысандары ретінде заңнамалық бағалау кезінде кейде адамның өмірі мен денсаулығын қорғау деңгейі материалдық құндылықтарға (мүлікке) қарағанда төменірек бағаланатын кездер байқалады [9, 8-б.].

Осы аяда әскери қызметшілердің жеке өмірі мен құпиясын сақтау мәселелері әлі күнге дейін толыққанды теориялық негіздемесін тауып, тиісті нормативтік бағасын алған жоқ деп айтуға болады. Дегенмен, басқа да маңызды құқықтық нысандармен қатар, азаматтардың жеке кеңістігін қылмыстық-құқықтық механизмдер арқылы қорғауға баса назар аудару – шынайы құқықтық мемлекет пен дамыған азаматтық қоғамның басты айырмашылық белгісі (индикаторы) болып табылады.

Белгілі ғалым Е.И. Қайржановтың тұжырымына сәйкес, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміне жаңа баптар мен тараулардың қосылуы тек қылмыс деңгейінің артуымен ғана байланысты емес. Бұл, ең алдымен, мемлекет ішіндегі қоғамдық қатынастардың эволюциясы нәтижесінде жаңа мүдделер мен құндылықтардың пайда болуымен түсіндіріледі. Аталған жаңа игіліктердің маңыздылығы соншалық, олар дербес қылмыстық-құқықтық қорғау нысаны ретінде бекітуді қажет етеді. Яғни, заң шығарушы орган осы қадам арқылы жаңа нысандардың қоғамдық салмағын көрсетуді, халықтың санасына оларды қорғаудың аса маңызды екенін сіңіруді, сондай-ақ бұл құндылықтарға қол сұғудың әлеуметтік қауіптілігін нақты айқындауды мақсат тұтады [10, 115-б.].

Тоқбықтай түйіндесек, нағыз құқықтық мемлекеттің қылмыстық саясатының түпкі мәні дәл осы әскери қызметкерлердің жеке кеңістігіне қолсұғылмаушылықты қамтамасыз етуден айқын көрініс табады. Өйткені өмір, денсаулық немесе меншік сияқты дәстүрлі қорғау нысандары кез келген елдің заңнамасында кездеседі. Алайда тек дамыған құқықтық мемлекет қана өз азаматтарының, оның ішінде әскерилердің жеке өмірін аса маңызды қорғау нысандарының деңгейіне дейін көтере алады. Тек осындай қоғамда ғана азаматтар кез келген түсініспеушіліктер мен қайшылықтарды тек заң шеңберінде шешуге дағдыланады.

Қорыта айтқанда, әскерилердің жеке кеңістігіне мемлекет тарапынан айрықша назар аударылуы – сол елдің өркениеттік даму биігіне көтерілгенін айғақтайды. Бұл фактор, түптеп келгенде, құқықтық нормалардың қоғам мен жеке азамат үшін қаншалықты тиімді немесе тиімсіз екенін көрсетеді, сондай-ақ тұлғаның (субъектінің) заңға деген оң немесе теріс көзқарасын қалыптастырады. Құқық, жалпы алғанда, адамзаттың саналы іс-әрекетінің жемісі әрі заң деңгейіне көтерілген бүкіл қоғамның ортақ еркі саналады. Қоғам өзінің даму барысында белгілі бір эволюциялық кезеңге жеткенде, аса маңызды игіліктердің барлығын қылмыстық-құқықтық қорғау нысандарының қатарына қосады. Егер мемлекет адамның өмірі мен денсаулығын, оның меншігі мен жеке құпиясын бірдей дәрежеде бағалап, оларды тең дәрежеде қорғаса, мұндай қоғам өзін толыққанды «азаматтық қоғам», ал оның еркін іске асыратын билік институты өзін «құқықтық мемлекет» деп атауға толық хақылы.

Зерттеу нәтижелері. Қарулы Күштер құрамындағы қызметкерлердің жеке кеңістігін қылмыстық-құқықтық механизмдер арқылы қамтамасыз ету аясында төмендегідей өзекті мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды:

·       «Әскери қызметшінің жеке өмірі» категориясының нақты ғылыми-тәжірибелік анықтамасын тұжырымдау, оның заңдық шекараларын айқындау және осы базалық ұғымға сүйене отырып, олардың жеке кеңістігіне қол сұғатын қылмыстық әрекеттердің (қылмыстардың) нақты тобын жіктеу;

·       Әскерилердің жеке өмірі мен құпиясына қарсы жасалған құқық бұзушылықтар үшін тиісті қылмыстық жауапкершілік шараларын заң жүзінде қатаң бекіту;

·       Қандай да бір объективті жағдайларда (мысалы, қызметтік қажеттілікке немесе мемлекеттік қауіпсіздікке байланысты) әскери қызметкерлердің жеке өміріне шектеу қоюдың немесе оған заңды түрде араласудың нақты құқықтық негіздері мен шарттарын регламенттеу.

Қорытынды.Жоғарыда баяндалған ғылыми тұжырымдарды саралай келе, әскери қызметшілердің жеке өмірін екі түрлі өлшемде: біріншіден, күрделі әлеуметтік құбылыс ретінде, екіншіден, дербес қылмыстық-құқықтық қорғау нысаны ретінде нақты ажыратып қарастыру қажет деген байламға келдік. Осылайша, қылмыстық-құқықтық қорғау институттары әскерилердің жеке кеңістігіне қол сұқпау қағидатын ғана емес, сонымен бірге олар туралы дербес мәліметтер мен ақпараттардың толық құпиялылығын қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырады.

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ:
  1. Қaзaқcтaн Pecпубликacының Қылмыcтық кoдeкci. Қaзaқcтaн Pecпубликacының Кoдeкcі 2014 жылғы 3 шiлдeдeгі № 226-V ҚPЗ // https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000226
  2. «Қaзaқcтaн Pecпубликacының 2010 жылдaн 2020 жылғa дeйінгі кeзeңгeapнaлғaн құқықтық caяcaт тұжыpымдaмacы туpaлы» Қaзaқcтaн Pecпубликacы Пpeзидeнтінің 2009 жылғы 24 тaмыздaғы N 858 Жapлығы (16.01.2014 бepілгeн өзгepіcтepмeн тoлықтыpулapымeн) // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U090000858_
  3. Oжeгoв C.И., Швeдoвa Н.Ю. Тoлкoвый cлoвapь pуccкoгo языкa: 80000 cлoв и фpaзeoлoгичecких выpaжeний / Poccийcкaя aкaдeмия нaук. Инcтитут Pуccкoгo языкa им. В.В. Винoгpaдoвa. - 4-e изд., дoпoлн. -М.: OOO «A ТEМП», 2006. - 944 c.
  4. ШeгeбaeвaA.P. Нeкoтopыe пpoблeмы угoлoвнo- пpaвoвoй зaщиты и oбecпeчeния пpaв нeпpикocнoвeннocти чacтнoй жизни гpaждaн в coвpeмeннoм зaкoнoдaтeльcтвe // IV Бaлтийcкий юpидичecкий фopуМ: Зaкoн и пpaвoпopядoк в тpeтьeм тыcячeлeтии: мaт-лы мeждунap. нaуч.-пpaкт. кoнф. 18.12.2015 г. / Пoд peд. C.В. Вeклeнкo. - Кaлинингpaд: Кaлинингpaдcкий филиaл CПбУ МВД Poccии, 2016. - С. 230-232.
  5. Paхмeтoв C.М. Нepeшeнныe пpoблeмы угoлoвнoй пoлитики Pecпублики Кaзaхcтaн // Қaзaқcтaн Pecпубликacы Зaң шығapу инcтитутының жapшыcы. -Acтaнa, 2010. - № 3 (19). -C. 69-72
  6. Филимoнoв В.Д. Oхpaнитeльнaя функция угoлoвнoгo пpaвa. – CПб.: Издaтeльcтвo «Юpидичecкий цeнтp Пpecc», 2003. – 198 c
  7. Кeмaли М. Пpaвa чeлoвeкa и мeхaнизм их зaщиты: учeбнoe пocoбиe. -Aлмaты: Изд-вo «NURPRESS», 2012. - 420 c
  8. Ecимхaнoв Т.E., Туcупoвa Т.Г. Фopмиppoвaниe в oбщecтвe «Нулeвoй тepпимocти» пpaвoнapушeниямcpeди нecoвepшeннoлeтних. Вecтник Aкaдeмии пpaвooхpaнитeльных opгaнoв, № 1-2019. - Б. 118
  9. Oнгapбaeв E.A. Клaccификaция пpecтуплeний и ee пpaвoвoe знaчeниe: Мoнoгpaфия. - Кapaгaндa: КВШ ГCК Pecпубликa Кaзaхcтaн, 1996. - 148 c.
  10. Кaиpжaнoв E.И. Oбъeкт пpecтуплeния - интepecы coциaльных cубъeктoв // Избpaнныe тpуды: (Selected works in criмinal law and criмinology): В 2-х т. – Aлмaты: ЭкoнoМикa, 2008. - Т. 1. - 360 c.
REFERENCES:
  1. Qazaqctan Pecpublikacynyng Qylmyctyq kodekci. Qazaqctan Pecpublikacynyng Kodekci 2014 zhylghy 3 shildedegi № 226-V QPZ // https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000226
  2. «Qazaqctan Pecpublikacynyng 2010 zhyldan 2020 zhylgha deyingi kezenggeapnalghan quqyqtyq cayacat tuzhypymdamacy tupaly» Qazaqctan Pecpublikacy Ppezidentining 2009 zhylghy 24 tamyzdaghy N 858 Zhaplyghy (16.01.2014 bepilgen ozgepictepmen tolyqtypulapymen) // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U090000858_
  3. Ozhegov C.I., Shvedova N.Yu. Tolkovyy clovap pucckogo yazyka: 80000 clov i fpazeologicheckikh vypazheniy / Pocciyckaya akademiya nauk. Inctitut Pucckogo yazyka im. V.V. Vinogpadova. - 4-e izd., dopoln. -M.: OOO «A TEMP», 2006. - 944 c.
  4. ShegebaevaA.P. Nekotopye ppoblemy ugolovno- ppavovoy zaschity i obecpecheniya ppav neppikocnovennocti chactnoy zhizni gpazhdan v covpemennom zakonodatelctve // IV Baltiyckiy yupidicheckiy fopuM: Zakon i ppavopopyadok v tpetem tycyacheletii: mat-ly mezhdunap. nauch.-ppakt. konf. 18.12.2015 g. / Pod ped. C.V. Veklenko. - Kaliningpad: Kaliningpadckiy filial CPbU MVD Poccii, 2016. - S. 230-232.
  5. Pakhmetov C.M. Nepeshennye ppoblemy ugolovnoy politiki Pecpubliki Kazakhctan // Qazaqctan Pecpublikacy Zang shyghapu inctitutynyng zhapshycy. -Actana, 2010. - № 3 (19). -C. 69-72
  6. Filimonov V.D. Okhpanitelnaya funktsiya ugolovnogo ppava. – CPb.: Izdatelctvo «Yupidicheckiy tsentp Ppecc», 2003. – 198 c
  7. Kemali M. Ppava cheloveka i mekhanizm ikh zaschity: uchebnoe pocobie. -Almaty: Izd-vo «NURPRESS», 2012. - 420 c
  8. Ecimkhanov T.E., Tucupova T.G. Fopmippovanie v obschectve «Nulevoy teppimocti» ppavonapusheniyamcpedi necovepshennoletnikh. Vectnik Akademii ppavookhpanitelnykh opganov, № 1-2019. - B. 118
  9. Ongapbaev E.A. Klaccifikatsiya ppectupleniy i ee ppavovoe znachenie: Monogpafiya. - Kapaganda: KVSh GCK Pecpublika Kazakhctan, 1996. - 148 c.
  10. Kaipzhanov E.I. Obekt ppectupleniya - intepecy cotsialnykh cubektov // Izbpannye tpudy: (Selected works in criminal law and criminology): V 2-kh t. – Almaty: EkonoMika, 2008. - T. 1. - 360 c.